Елімізде Президенттік тестілер тапсыру басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл күндері Қазақстанның аймақтарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың тестілерін тапсыру өтіп жатыр. Осы жолы тестілерді қабылдау ел халқының барлық топтарының арасында жазғы тәртіппен іске асырылып жатыр.

Қорытындылар шығарылып, марапаттау 2015 жылдың 1 желтоқсанында - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметінен.

Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеті, ШҰКжСР қызметкерлері қалың бұқараның арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жер-жерлерді аралауда, Қазақстанның облыстары мен аудандарында Президенттік тестілердің тапсырылуын көздерімен көріп жатыр. Жұмыс тобының құрамына Қазақстан Республикасының спорт саласындағы барлық дерлік бірінші тұлғалары, Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеттің, ШҰКжСҚ басқарушы құрамы, елдің еңбек сіңірген жаттықтырушылары, жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері кірді... Бүгін Президенттік тестілердің нормативтерін тапсыру СҚО, Қарағанды, Жамбыл облыстары, Астана және Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Қостанай, Қызылорда, ОҚО, Павлодар, ШҚО және Маңғыстау облыстарында аяқталды. Барлық аймақтарда азаматтардың осы бұқаралық спорт шараларына көптеп қатысуы атап өтілді. Бұдан кейін, бір жылдың ішінде осы аймақтық кезеңдерде ерекше көзге түскендер ең үздік спортшылар жарысатын келесі кезеңге өтеді. Тестілеу барлық жастағы адамдардың арасында өткізіліп жатыр. Тестілеуге мемлекеттік органдардың қызметкерлері: әкімдіктер, аудандық және облыстық ішкі істер, төтенше жағдайлар департаменттерінің, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, өндірістік және жекеменшік компаниялардың ұжымдары, банк саласының қызметкерлері, Қазақстан қалалары мен облыс аудандарындағы білім мекемелерінің ұжымдары қатыстырылды. Спорттық істер жөніндегі комитеттің мамандары тұрғындардың нормативтерді тапсыру кезіндегі жоғары белсенділігі мен жоғары нәтижелерін атап өтті. Қатысушылардың көбі ұлттық нормативтерді есепке алмағанда, тіпті президенттік нормативті тапсырып үлгерген.

Соңғы жаңалықтар