+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Елімізде пойыз билеттерінің бағасы қымбаттай ма

2019 жылғы 11 қазан 14:34
Бөлісіңіз:
Елімізде пойыз билеттерінің бағасы қымбаттай ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Диас Ахметшәріп пойыз билеттерінің бағасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі жаңа вагондармен толықты Пойыздың астында қалып, екі аяғынан айырылған келіншекке қатысты туыстары түсінік берді Шуға қосымша пойыз қатынайды

«Біз, ұлттық тасымалдаушы ретінде, Қазақстандағы барлық тасымал бойынша қажеттіліктің 80 пайызын жауып отырмыз. Қалған 20 пайыз - жеке компаниялар үлесінде. Біз жыл сайын 120 бағдар бойынша қызмет көрсетеміз. Оның 50 бағыты - жолаушылар тасымалы. 70 бағдар - қала маңындағы тасымал. 50 маршруттың ішінде бізде 39-ның әлеуметтік маңызы бар. 11 - коммерциялық бағдар жұмыс істеп тұр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арқылы жасалған әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша ұзақ мерзімді субсидиялау туралы келісім бар. Осы келісімге сәйкес біз жыл сайын әлеуметтік маңызы бар бағдарлардың тарифтерін көтереміз. Өйткені олар мемлекет тарапынан субсидияланады», - деді Диас Ахметшәріп елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Компанияның ресми өкілі сондай-ақ, биыл қанша бағдар бойынша бағаның көтерілгенін айтып өтті.

«Осы жылы біздің бағаларымыз көтерілген жоқ. Тек қыркүйекте есеп береміз. Ал құзырлы органдар тарифтерді көтеру туралы хат жібереді. Бізде әлеуметтік маңызы бар 28 бағдар үшін тариф 10 пайызға өсті. Бұл жыл сайынғы процедура», - деді Диас Ахметшәріп.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT