Елімізде полицияның әрекетіне қатысты қанша шағым келіп түсті

None
None
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінің сенім телефондарына полицейлердің әрекеттеріне қатысты 17 шағым келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес, ішкі істер органдарының өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері азаматтардың өтініштеріне, әсіресе, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне жедел ден қоюды қамтамасыз етті. Мәселен, өткен тәулікте сенім телефондарына азаматтардан 57 өтініш келіп түсті, оның ішінде 40 өтініш консультативтік-анықтамалық сипатта (көші-қон, халықты құжаттандыру, көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, айыппұл есептеу, сақтандыру, әлеуметтік мәселелер, ЖКО мәселелері, ақылы жолдардың, ХҚКО-лардың жұмыс істеуі және т.б.) және 17-сі полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты болды. Мән-жайды анықтауды қажет ететін барлық келіп түскен өтініштер бойынша тексерулер жүргізіледі (АЕК-те 8 өтініш тіркелді және 4-і бойынша қызметтік тергеу тағайындалды) және шағымданушыларға толық түсініктеме берілді», - делінген ведомствоның жедел штабының мәліметінде

Мысалы, 15 қаңтарда «Әділет жолы» РҚБ-нің өкілі А. Пшеновтен Семей қаласында ұсталған 2001 жылы туған О. есімді азамат жайында білуді сұраған өтініш келіп түсті. Аталған өтінішті тексеру кезінде О.есімді азаматтың ҚР ҚПК-нің 128 және 131-баптары бойынша ҚР ҚК-тің 269-бабының 3-бөлігі (Ғимарат пен құрылысқа шабуыл жасау) және 272-бабының 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздік) тұрғысында сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталғаны анықталды.

9 қаңтарда Семей қаласының соты ұсталған адамға қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тексеру нәтижелері бойынша О.есімді азаматтың орналасқан жері туралы Пшеновке хабарланды.

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің сенім телефонына «14-02» жүгінген азаматтар консультациялық-анықтамалық көмектер ала алады.

«Консультативтік-ақпараттық көмек алумен қатар, азаматтар полиция қызметкерлеріне байланысты туындаған түрлі жағдайларға қатысты хабарлайды. Бұл сізге жедел әрекет етуге, тексеруге және әрбір нақты жағдайға түсінік беруге мүмкіндік береді. Біз халықпен тығыз байланыста болуға мүдделіміз, бұл бізге қорытынды жасауға және алдағы уақытта ІІО жеке құрамы тарапынан орын алуы мүмкін заң бұзушылықтардың жолын кесуге мүмкіндік береді», - делінген таратылған мәліметте.


Соңғы жаңалықтар