Елімізде Pfizer вакцинасының I-ші дозасын 126,6 мың адам салдырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты соңғы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 5 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 783 874 адам, 2-ші компонентін 8 182 339 адам салдырды.

«5 желтоқсанда жалпы 126 674 адам Pfizer вакцинасының I-ші дозасын салдырды. Оның ішінде: жасөспірімдер – 101 114, жүкті әйелдер – 7 630, бала емізетін әйелдер – 17 930», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар