Елімізде пара алу туралы хабарлаған адамға сол параның 10 пайызы беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде пара алмақ болған жағдай туралы хабарлаған адамға параның 10%-ы беріледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

Сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың 31% -ы ешқашан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірге жұмыс істеп көрмеген. Қазақстандықтардың сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрескені үшін алатын ең көп сомасы – 10,6 миллион теңге.

2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1255 қылмыстық іс қаралды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1% аз көрсеткіш. Оның ішінде ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар – 885, орташа сыбайлас жемқорлық қалмыстар – 207.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жанындағы Статистика комитетінің 2019 жылы жүргізген статистикасы бойынша, қазақстандықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке деген сенімі 16,1%-дан 25,1%-ға дейін артқан. Бұл қызмет түріне толық сенбейтіндердің қатары 4,1%-дан 1,6%-ға қысқарған.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен 2019 жылдың 24 желтоқсанынан 2020 жылдың 2 қаңтарына дейін елдегі сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейінің және азаматтардың ар-ұят әлеуетін зерттеу жұмыстары жүргізілген.

Қазақстан бойынша 18 жастан асқан 58 мыңнан астам адам сауалнамаға қатысқан. Респонденттердің 30,8% -ы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ерікті ретінде қатысуға дайын екенін білдірсе, 63% -ы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға жалпы қатысуға дайын екенін білдірген.


Соңғы жаңалықтар