Елімізде пәндер бойынша педагогтердің қауымдастықтары құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов министрлікке мұғалімдердің біліктілігін арттыруға қатысты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіби дамуды жаңа деңгейге көтеру үшін педагогтердің пәндік қауымдастықтар бойынша бірігуі көмектеседі деп санаймын. Сондықтан Оқу-ағарту министрлігінен оқыту пәндері бойынша педагогтердің республикалық қауымдастықтарын құру мәселесін пысықтауды сұраймын», - деді Е.Тоғжанов республикалық тамыз конференциясында.

Оның пайымынша, осындай бірлестіктер көп деңгейлі принцип аясында қалыптасқаны дұрыс, яғни бір пән бойынша мектеп, колледж және ЖОО мұғалімдерін қамтуы керек. Педагогтердің осы бірлестіктерге қатысуы бірегей зияткерлік ортаға кіруге мүмкіндік береді.

«Оқу-ағарту министрлігіне Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату бойынша педегогтердің республикалық әрі облыстық конгрестерін ұйымдастыруды тапсырамын», - деді Үкімет басшысының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар