Елімізде өткен 6 айда баспана сатып алу-сатудың 83 мың 763 келісімдері жасалған

None
None
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында елімізде жасалған тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 83 мың 763-ті құрап отыр. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Тоқтала кететін жайт, 2013 жылдың маусым айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген келісімдер саны 15 мың 512-ні құрайды. Бұл көрсеткіш осының алдындағы аймен салыстырғанда 1,3 пайызға артық. Ал тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің 2013 жылғы қаңтар-маусым аралығындағы саны 83 мың 763-ке жеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,6 пайызға артық көрсеткіш.

Соңғы жаңалықтар