+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Елімізде отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы 6 гранттық жоба жүзеге асып жатыр

2021 жылғы 25 қараша 13:50
Бөлісіңіз:
Елімізде отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы 6 гранттық жоба жүзеге асып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы бірнеше жоба іске асып жатыр. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Умаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Отбасылық құндылықтарды нығайту мен отбасы институтын дамыту мақсатында биылдан бастап біздің министрлік 6 гранттық жобаны іске асыруда. Соның біріншісі, жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институттау. Екінші, жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселесі бойынша консультациялық қызмет көрсету. Үшінші, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру. Төртінші жоба ерекше талапты қажет ететін балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеп, іске асыру. Бесінші гендерлік қажеттіліктер мен қажеттіліктер картасын әзірлеу бағытында. Және алтыншы, отбасылық қаржылық сауаттылыққа арналған жоба. Ол онлайн форматта өтті»,- деді Асқар Умаров елордада өтіп жатқан «Қазақстандағы отбасы және отбасылық саясат институты: мәселелері, үрдістері мен келешегі» атты тақырыбындағы халықаралық конференцияда.

Оның айтуынша, отбасын қорғау институтын нығайту және гендерлік теңдікті ілгерілету мақсатында 2016 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен 2030 жылға дейінгі ҚР отбасылық-гендерлік саясат тұжырымдамасы қабылданды.

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында біздің министрлікке осы тұжырымдаманы өзектендіруді тапсырды. Осы тапсырманы іске асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, сарапшылар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар мен мүдделі мемлекеттік орган өкілдері кірді», – дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT