Елімізде өскемендік такси сервисін басқа қалалардың нарығына шығару жоспарлануда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда өскемендік «Aparu» такси сервисін басқа қалалардың нарығына шығару қарастырылуда. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше аталған компанияның жетекшісі Ерлан Шаяхметовпен кездестім. Кездесу барысында оның мақсат-міндеттерін, сервисті одан әрі дамыту мәселелерін талқыладық. Олардың басқа қалалардың нарығына да шығу жолдарын қарастыратын боламыз.

Aparu - ЯндексGo, Uber сияқты алыптарға бәсекелестік орнатып, қанатын кеңге жаятынына сенімдімін», - деп жазды министн өзінің Telegram арнасында.


Соңғы жаңалықтар