Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Елімізде орташа жалақы 149 мың теңгені құрады - ҰЭМ

2017 жылғы 14 қараша 13:09 222
Бөлісіңіз:
Елімізде орташа жалақы 149 мың теңгені құрады - ҰЭМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қазанында Қазақстанда жұмыссыздар саны 438 мың адамнан асып, бұл көрсеткіш экономикалық белсенді халықтың санына 4,9 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі таратқан мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы қазанның соңына 134,6 мың адамды құрады немесе ол елдің экономикалық белсенді халқының санына 1,5 пайыз деңгейінде. 

Бұдан бөлек, 2017 жылғы қыркүйекте халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 79391 теңгені құрады.  Бұл 2016 жылғы қыркүйекке қарағанда 4,3 пайызға жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,6 пайызға  төмендеді.

«2017 жылғы қазанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 149917 теңгені құрады»,- деп атап өтілген министрлік мәліметінде.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT