Елімізде өрт саны азайғанымен, өлім-жітім көбейіп тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың басынан бері еліміздің аумағында 7,5 мың өрт тіркелді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері Қазақстан Республикасында 7 515 өрт тіркеліп, салдарынан 251 адам қаза тапты. 217 адам түрлі деңгейде күйік шалып, уланып қалды. 2020 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда, өрттің жалпы саны 7 пайызға төмендегенімен қаза тапқандар саны 20 пайызға, ал жарақаттанғандар 18 пайызға артып отыр», - деді ол.

Министрдің дерегінше, жеке тұрғын үй секторында 4 мыңнан астам өрт тіркелді. Бұл елімізде болған барлық өрттің 58 пайызын құрайды.

«Шынайы сараптама жүргізу мақсатында өңірлердің өрт қаупі көрсеткіші аумақта тұратын халықтың санын ескере отырып есептеледі. Нәтижелері ең күрделі ахуал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қостанай облысында екендігін көрсетті. Бұл өңірлердегі өрт және одан қаза тапқандардың саны орташа республикалық көрсеткіштен 2-3 есеге асып түседі», - деді Юрий Ильин.


Соңғы жаңалықтар