USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Елімізде орман қоры мен ағаш отырғызуды қадағалауға арналған мобильді қосымша әзірленді

2021 жылғы 8 желтоқсан 00:01
Бөлісіңіз:
Елімізде орман қоры мен ағаш отырғызуды қадағалауға арналған мобильді қосымша әзірленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда орман қорын дамыту, сақтау және ондағы ағаштар санын көбейту мақсатында мобильді қосымша жасалды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда ауа сапасы нашарлайды Астаналық архитектор LRT-ның орнына жерүсті саябақ тұрғызуды ұсынды Экология мәселелеріне арналған жол карталарының нәтижесі қандай

«Қазақстан — шағын орманды мемлекет. Мәселен, еліміздің орман қорының жалпы ауданы 30 млн гектарды құрайды, яғни ел аумағының 11 пайызын орман алып жатыр. Орманды алқаптар туралы айтар болсақ. Мысалы, Қызылорда және Жамбыл облыстарында негізінен сексеуіл өседі. ШҚО мен Алматы облыстарында майқарағай, самырсын, балқарағай және шырша ағашы басым», - деді А.Шалабекова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін ел аумағында 2 млрд ағаш отырғызылса, 2030 жылға қарай елімізде орманды алқап көлемі 5 пайызға артады.

«OrmanMap» деп аталатын мобильді қосымша жасалды. Ол қосымша еліміздегі орман қоры мен мемлекеттік шекарасы туралы деректер, Сондай-ақ, әр өңірдегі ормандардың көлемі және оған алдағы уақытта отырғызылатын ағаш түрлері мен оның саны көрсетілген. Және де Мемлекет басшысы міндет етіп қойған, 2 млрд ағаш отырғызу процесіне қатысты инфографикамен танысуға болады. Бүгінде аталған мобильді қосымша штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - дейді ол.

Бұған дейін вице-министр биыл ел көлемінде 130 млн түп ағаш көшеті отырғызылғанын айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT