USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Елімізде орман карталары цифрландырылып жатыр

2021 жылғы 6 желтоқсан 18:53
Бөлісіңіз:
Елімізде орман карталары цифрландырылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда орманды заңсыз кесу фактілері ғарыштық мониторинг арқылы анықталып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экология министрлігіне қарасты орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесіп еліміздегі орман карталары цифрландырылды. Өздеріңіз білетіндей орман қоры мемлекеттің бақылауында және ол ғарыштық мониторинг арқылы жүзеге асырылады. Біздегі бар қазіргі деректер бойынша Қазақстанда 18,6 млн га орман алқабы бар. Ғарыштық мониторинг арқылы орманды бақылап қана қоймай, өрт қаупінің алдын алуға да болады. Сондықтан да еліміздегі орман карталары цифрландырылды. Сондай-ақ, орманға қатысты екінші проблема, ол заңсыз ағаш кесу. Ендігі уақытта бұл құқықбұзушылықты да ғарыштық мониторинг арқылы қадағалауға мүмкіндік бар», - деді Баубек Оралмағамбетов.

Комитет басшысының айтуынша, елімізде орман кесу процесі ғарыштық мониторинг арқылы тіркеледі. Ал оның қаншалықты заңдылығын құзырлы органдар анықтай жатады.

«Біз ғарыштық мониторинг нәтижесін яғни деректерді құзырлы органдарға жібереміз. Одан арғы істі өздері қолға алады. Биылғы орман ресурстары мониторингіне келсек. Елімізде жалпы ауданы 18,6 млн га орманның векторлық картасы цифрландырылды. Сонымен қатар 2 641 ағаш кесу полигоны анықталды. Және 90 мың гектар өрт ошағы белгіленді», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT