Елімізде онлайн-микрокредит берудің тәртіптері күшейтілуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн-микрокредиттер берген кезде қарыз алушыларды идентификаттау тәртібін күшейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Енді онлайн-микрокредит беру үшін микрокредит беруші мынадай үш тәсілдің бірімен клиентке индентификаттау жүргізуге міндетті. Яғни, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы, Ұлттық банкінің Сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының сервисі арқылы қарыз алушыны биометриялық идентификаттау және қарыз алушының дербес деректерін екіфакторлық тексеру және бейнелеу арқылы.Сонымен бірге, биылғы қаңтардан бастап микроқаржы ұйымдары клиент көрсеткен абоненттік нөмірді мобильді байланыс операторларының деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асыруға міндетті», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, берешектің бар-жоғын тексеру үшін әрбір азамат «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-тан мына мекенжай бойынша және «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-дан өзі туралы кредиттік есепті сұрата алады.


Соңғы жаңалықтар