Елімізде онлайн қызмет алуға барлық жағдай жасалған - Марат Бекетаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде онлайн қызмет алуға барлық жағдай жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин кезінде уақытша тіркеу тоқтатылмайды. Халыққа қызмет көрсету орталықтары карантин кезінде де жұмыс істеуде. Электронды үкімет арқылы да көптеген мәселені шешуге болады. Кеше мемлекеттік комиссияда осы мәселені талқылаған едік. Онлайн арқылы қызмет алуға барлық жағдай жасалған», - дейді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында.

Бұған дейін де Халыққа қызмет көрсету орталықтары штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын жазған болатынбыз.

«Елімізде халыққа қызмет көрсету орталықтары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлерге қатысты медициналық маска тағу, антисептиктер қолдану, қолды жиі жуу сияқты коронавирустан қорғану іс-шаралары қабылдануда. Әзірге жұмыс әдеттегідей таңғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасуда», - дейді Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай.


Соңғы жаңалықтар