+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Елімізде өндірісті ынталандыруға бағытталған шаралар қалай жүзеге асады

2020 жылғы 2 сәуір 16:29
Бөлісіңіз:
Елімізде өндірісті ынталандыруға бағытталған шаралар қалай жүзеге асады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде табыс пен сұранысты арттырумен бірге өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар мен жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлу мәселесіне арналған баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтар мен экономиканы қолдауға, оның ішінде Мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын орындауға бөлінетін қаражат аясында өмір сүру сапасын жақсартумен қатар, табыс пен сұранысты арттырумен бірге өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар мен жобаларды жүзеге асыру жоспарланған», - дейді ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов.

Ол бұл шаралар ненің есебінен жүзеге асырылатынын айтты.

«Бұл шаралар республикалық бюджет шығынын 532,8 млрд теңгеге қысқарту, бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімнің 3,5% деңгейіне – 840,7 млрд теңгеге жеткізу арқылы жүзеге асырылады», - дейді ол.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен келетін шығындар 1,7 трлн теңгені құрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT