Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұңғыш автомектеп ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тірек-қимыл жүйесі бұзылған жандарды оқытуға арнайы жарақтандырылған алғашқы көлік тіркеуден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автомектепті петропавлдық жас кәсіпкер Сәлімхан Сәбитов ашып отыр. Ол стартап-жоба аясында автоматты және механикалық беріліс қорабымен екі Лада «Granta» автокөлігін сатып алып, Ресей Федерациясының Челябі қаласында олар мүгедек адамдарға ыңғайланып өзгертілді.

«Мұндай жоба елімізде алғаш рет іске қосылғалы отыр. Тың идея жан-жақты зерттеліп, сараланып, «Равная дорога» деп аталатын жоба қолданысқа енгізілмек. Біз мүгедек адамдардың өмірге толыққанды араласулары үшін барлық жағдай жасауға ұмтыламыз. Бұл идея мен мектепте оқып жүрген кезде пайда болды. Бүгін автокөлікке техникалық құжатты алып, мектепті ресми түрде аштық деп есептеймін. Қазірдің өзінде 13 адам медициналық тексерістен өтіп, біздің автомектепте оқуға рұқсат алмақшы», - дейді Сәлімхан Сәбитов.

null

Департамент мамандарының айтуынша, облыста мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында ауқымды жұмыс атқарылды. Қызмет көрсету мекемелері пандустармен, мүгедектерге арналған шақырту түймешектерімен, Брайль шрифтімен жазылған тақтайшалармен және көзі нашар көретіндерге жанасу жолдарымен жарақтандырылыпты.

Бүгінде облыс орталығында 8 мыңнан астамы тірек-қимыл жүйесі бұзылған мүгедек адам тұрады екен.

null

Соңғы жаңалықтар