+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған фрилансерлер мектебі ашылды

2019 жылғы 23 шілде 03:42
Бөлісіңіз:
Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған фрилансерлер мектебі ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған фрилансерлер жазғы мектебі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде тұрмыстық несиені өтей алмаған 55 мың адамның өсімақысы кешірілді Қостанайда жастардың «әлеуметтік тойы» өтті 114 мыңнан астам азаматтың 700 млн теңгеге жуық өсімпұлы есептен шығарылды

«Бұл идея маған осыдан 1-2 жыл бұрын келді. Мен ол кезде мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істедім. Сонда ол кісілер қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылса, бізге қалада жүріп тұру қиын дегентұғын. Содан ойымды жүзеге асыру мақсатында осы жобаны қолға алдым. Жобамның тұжырымдасын алып қалалық әкімдікке бардым, әкімдік бірден қолдау білдірді», - деді жоба идеясының авторы Ұлан Әбішев.

Аталған жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды фрилансер болып және әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге үйрету.

«Фрилансерлер курсына 36 елордалық тіркеліп, ниет білдірді. Бүгін курстың алғашқы күні онда 20 адам дәріс алып жатыр. Жоспарға сәйкес олар 3 күн офлайн түрде дәріс алады және 3 күн қашықтықтан оқиды. 1 аптаға созылатын курс соңында қатысушыларға арнайы сертификат беріледі. Оқытушы ретінде фрилансерлік жұмыс істеу тәжірибесі бар және әлеуметтік желілердің белсенді мамандарын шақырдық», - деді ол.

Оның айтуынша, пилоттық нұсқа ретінде қолға алынған бұл жоба сәтті жүзеге асырылса, алдағы уақытта республикалық деңгейде қолға алынатын болады.

«Біздің түпкі мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған фрилансерлердің ұлттық желісін құру. Яғни, бұл жоба ойдағыдай жүргізілсе, алдағы уақытта республиканың барлық өңірлерінде ашылатын болады. Тағы бір айтып өтетін жайт, біз қатысушыларды тіркегенде мүмкіндігінше өздігінен жүріп тұра алмайтын жандарды қатыстыруға тырыстық. Себебі ол кісілердің жұмыс істеуге қабілеті болғанымен, оларға жұмыс берушілер табыла бермейді», - дейді жоба авторы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT