Елімізде мүгедектігі бар адамдар саны 700 мыңнан астамды құрайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар саны 700 мыңнан астамды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде елімізде мүгедектігі бар адамдар саны 700 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш еліміздегі жалпы халық санының 3,7 пайызын құрап отыр», - деді Сенат депутаты Ләззат Қалтаева палатаның жалпы отырысында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, аталған 700 мың адамның 59 пайызы еңбекке қабілетті жаста, сондай-ақ бұл санаттағы балалар 14,7 пайызды құрады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Заңды мақұлдады.

Заңның мақсаты - 2006 жылғы 13 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау.


Соңғы жаңалықтар