Елімізде мұғалім, дәрігер, полицей туралы сериалдар түсіріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстандық жаңа сериалдар педагог пен дәрігердің, полицейлердің мәртебесін көтеруге бағытталады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сонымен қатар, сериалдық өнімнің қазақстандық түсірілімдерін жалғастырудамыз. Биылға 42 сериалдың түсірілімі жоспарланған», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.

Осы орайда жаңа туындылар отбасылық құндылықтар, волонтерлер қызметі жайында болады. Сонымен қатар, педагог пен дәрігердің, полицейлердің мәртебесін көтеруге бағытталған, салауатты өмір салтын насихаттауға арналған сериалдарға басымдылық қойылып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, көпшілікке ыңғайлы болуы үшін Мемлекеттік бағдарламалардың ортақ порталы іске қосылуда.

Биыл «Абай ТВ» және «Әл-Фараби» екі жаңа телеарна ашылады. Бұл телеарналар мәдениеттің байлығы мен мұрасына арналған жаңа білім беру-ағартушылық телевизиялық жоба болмақ.


Соңғы жаңалықтар