Елімізде мерекелік күндер көбейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесін бекітті. Құжат ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 467 Қаулысымен ҚР мерекелік күндер тізбесіне «Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан; Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні- 29 тамыз; Қарттар күні-1 қазан» сынды атаулы күндер қосылды.

Айта кетейік, мерекелік күндер демалыс болып саналмайды.

Соңғы жаңалықтар