Елімізде мемлекеттік қызметшілер арасында әйелдердің үлесі 55 пайыз болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде мемлекеттік қызметшілер саны 90 мыңнан асты. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Айнұр Арғынбекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мәліметіне қарағанда, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілер саны 90 мыңнан астам болды. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,4 пайызға жетті», - деді А. Арғынбекова.

Оның айтуынша, басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі 39,2 пайыз деңгейінде.

«Кейінгі 5 жылда мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 39 шамасында», - деді сенатор.

Айта кетейік, бүгін Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар