USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елімізде мемлекеттік қызмет көрсетуде қағазбастылық азаймақ

2021 жылғы 9 қыркүйек 12:18
Бөлісіңіз:
Елімізде мемлекеттік қызмет көрсетуде қағазбастылық азаймақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ендігі уақытта мемлекеттік қызмет алушы қазақстандықтар үшін қағазбастылық одан әрі азая түспек. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов, мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Жолдауында мемлекеттік органдар қызметін цифрландырудың маңызына ерекше мән берді. Қазіргі уақытта цифрландыру жемқорлықтың алдын алу құралы десекте болады. Осы орайда мемлекеттік органдар мен оның қызметін барынша цифрлық жүйеге көшіру маңызды міндет болып отыр. Бүгінде цифрлық қызмет халыққа қолжетімділіктен бөлек, ашықтықты қамтамасыз етіп отыр. Яғни мемлекеттік қызметті алуда адамның қатысы жоқ, клиент өздігінен ала алады», - деді Әділ Қожықов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен Antikor Live жобасының эфирінде.

Оның айтуынша, бүгінде елімізде мемлекеттік басқару саласын толықтай цифрландыру қарқынды жүріп жатыр.

«Шыны керек, қағазбастылық адамдарды қызмет алудың жеңіл жолын іздеуге итермелейді. Сондықтан біз қызмет алуда сұралатын құжаттар мен анықтамалардың санын барынша қысқартумен айналысып жатырмыз. Мемлекет басшысы айтқандай: «Адамдар емес құжаттар жүгіруі тиіс». Яғни адамдар белгілі бір құжат немесе анықтама алуы үшін есіктен есікке жүгірмей, біріктірілген ақпараттық база арқылы бір жерден алуы тиіс. Осылайша қағазбастылық азая түседі», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT