Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Елімізде медициналық ұйымдарға қойылатын талаптар жоғарылады

2019 жылғы 11 ақпан 15:17 1049
Бөлісіңіз:
Елімізде медициналық ұйымдарға қойылатын талаптар жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту орталығы Қазақстандағы медициналық ұйымдарды аккредиттеу қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықтың хабарлауынша, ерікті аккредиттеуден Қазақстандағы медициналық ұйымдардың 30 проценті ғана өткен.

2018 жылы Қазақстанның 95 медициналық ұйымы ерікті аккредиттеуден өтті.  Оның ішінде 65 мемлекеттік, 30 жеке меншік ұйым бар. Нәтижесінде, 10 ұйым (10,5%) жоғары санатты, 43 ұйым (45,3%) - бірінші санатты, 38 ұйым (40%) - екінші санатты алса, 4 ұйым (4,2%) межеленген көрсеткішке жете алмады.

«Медицналық қызметтің сапасы мен ем қауіпсіздігін арттыру үшін әлем елдері медицналық ұйымдарды аккредиттеуден өткізеді. Сарапшылар құрамында дәрігерлер, медбикелер, ғимараттың қауіпсіздігін тексеретін мамандар 500-ден астам стандарт бойынша ауруханалар мен емханаларды, институттарды тексереді. Үш жылда бір рет осындай тексеруден өтетін ұйымдарда қауіпсіздік пен ем сапасының стандарттары сақталады», - деді ҚР ДСМ республикалық Денсаулық сақтауды дамыту орталығының директоры Айнұр Айыпханова.

Оның айтуынша, елімізде медициналық ұйымдарды ерікті аккредиттеу 2009 жылы басталды және Қазақстан - мұндай тексеруді жүргізетін ТМД аумағындағы жалғыз мемлекет.

 «Халықаралық тәжірибеге сай, дамыған мемлекеттер аккредитацияны 10-20 тіпті 30 жыл ерікті түрде жүргізеді, кейін барлық медициналық ұйым талапқа сай болған соң, міндеттейді. Аккредиттеуден өтпей қалған ұйымдарға қаражат бөлмейді, шара қолданады. 10 жылда Қазақстандағы аккредиттеу стандарттары үш рет қайта бекітілді.  Себебі, медицина дамыған сайын оған қойылатын талаптарды да 3-4 жылда жаңартып отыру қажет. Биылғы жазда стандарттың үшінші нұсқасы шықты. Оның саны да, сапасы да артты. Бұған дейін медициналық ұйымдарға 200 ғана талап қойылса, қазір 500-ден асты», - деп түсіндірді орталық басшысы.

 


Елімізде медициналық ұйымдарға қойылатын талаптар жоғарылады

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT