+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Елімізде медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі енгізіледі

2019 жылғы 17 қазан 11:49
Бөлісіңіз:
Елімізде медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі енгізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нығматулин және Вьетнам Парламентінің Cпикері парламентаралық ынтымақтастықты дамыту туралы келісті Нұрлан Нығматулин ресми сапармен Вьетнамға барады ЕАЭО қаржы нарығындағы үйлестіру шараларына арналған заң жобасы мақұлданды

«Халықаралық практикаға сәйкес медициналық көмектің жоғары сапасына қол жеткізу тәсілдері қайта қаралды. Медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі, атап айтқанда алғашқы, екінші, үшінші жүйесі белгіленеді. Медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделі енгізіледі. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және және ерікті медициналық сақтандыру аясында медициналық көмек көлемін айқындау бойынша нормалар регламенттелді. Диспансеризацияның ауруларды басқару бағдарламасына өту қарастырылады», - деді ол Мәжілісте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасының жаңа редакциясын таныстыру барысында.

Оның атап өтуінше, қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында медициналық көмек көрсетуді стандарттаудағы бірыңғай тәсіл, транспланттау институтын жетілдіру, медициналық көмек көрсету саласында мемлекеттік бақылауды күшейту көзделеді.

⦁ «Көрсетілген түзетулерді қабылдау нәтижесінде медициналық көмек неғұрлым қолжетімді, оның ішінде ауылдық жерлерде қолжетімді болады. Алғашқы медициналық көмек сапасы артады. Медициналық қызмет көлемдерінің шекаралары түсінікті болады. Инфекциялық емес негізгі ауруларды басқару сапасы артады. Сонымен қатар көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бақылау күшейтіледі», - деді Елжан Біртанов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT