+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Елімізде медициналық білімі жоқ адамдарға арналған алғашқы көмектің стандарты бекітілді

2019 жылғы 29 тамыз 22:34
Бөлісіңіз:
Елімізде медициналық білімі жоқ адамдарға арналған алғашқы көмектің стандарты бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұңғыш рет медициналық білімі жоқ адамдарға арналған алғашқы көмектің стандарты бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ сайтына сілтеме жасап.

Осындай бұйрыққа ҚР Денсаулық сақтау министрі 2019 жылдың 26 тамызында қол қойды және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

«Қиын жағдайға тап болған адамға алғашқы көмек уақытылы және дұрыс көрсетілсе, науқасты жарақаттан аман сақтап, тіпті өмірін құтқарып қалуға болады. Сондықтан, дәрігерлер ғана емес, медициналық білімі жоқ азаматтардың да алғашқы көмек көрсету дағдысын игеруі маңызды.

Осыған байланысты халықты шұғыл жағдайда алғашқы көмек көрсетуге дайындау үшін «ҚР-да Алғашқы көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 114 бұйрығы (бұдан әрі - Стандарт) бекітілді», делінген хабарламада.

Алғашқы медициналық көмек - шұғыл жағдайда адам өмірін құтқарып қалуға және асқынудың алдын алу мақсатында оқыс оқиға болған жерде көрсетілетін жедел іс-шаралар кешені. Арнайы білімі бар кез келген адам алғашқы көмек көрсете алады. Алайда ағашқы көмек дұрыс көрсетілмесе, науқасқа зиян келтіруі мүмкін.

Бекітілген стандарт медициналық білімі жоқ адамдарға алғашқы көмектің тәртібі мен базалық іс-шараларын регламенттейді. Алғашқы көмекті зардап шегушінің өзі де, жақын жердегі басқа адам да көрсете алады. Стандарт өмірге қауіп төндіретін және жиі кездесетін жазатайым жағдайда алғашқы көмек көрсету алгоритмдерін қамтиды. Стандарт үздік тәжірибеге негізделген және халықаралық оқыту бағдарламаларына сәйкес әзірленген.

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, дайындықтан өткен адам оқыс оқиға кезінде сауатты әрекет етеді, шұғыл жедел жәрдем қызметін шақырып, оларға болған оқиға туралы толық ақпарат береді. Және зардап шеккендерге қажетті алғашқы көмек көрсете отырып өлім-жітімнің алдын алуға қабілетті болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, әлемде жыл сайын жалпы өлімнің 10%, жол-көлік оқиғасы, күйіп қалғаннан, құлап немесе суға батып қайтыс болады және мүгедектіктің 15% дәл осындай оқыс жағдайдан болады», делінген хабарламада.

Халықты алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйрету үшін жаттықтырушыларды дайындау ісімен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК айналысады. Бұл курстан кез келген кәсіпорын мен мемлекеттік мекемелер және жеке құрылымдар өте алады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT