Елімізде маусым айында жаңа тұрғын үйлер бағасы 1,5 пайызға өсті

None
None
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылдың маусым айында еліміздегі тұрғын үй нарығында бағалардың өскендігі байқалды. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, маусым айында өткен аймен салыстырғанда көркейтілмеген тұрғын үйлерді алып сату бағасы 2,1 пайызға, ал көркейтілген тұрғын үйлерді алып сату және оны жалға беру бағасы 1,8 пайызға өскен. Жаңа тұрғын үйлердің сату бағасы да 1,5 пайызға артқан.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, елімізде жаңа тұрғын үйлердің 1 шаршы метрінің бағасы 180 мың 482 теңгені құрайды. Ал көркейтілген тұрғын үйлерді алып сату шаршы метріне 140 мың 559 теңге болып отыр.

Соңғы жаңалықтар