Елімізде мамандандырылған ХҚО-лар техникалық іркіліске байланысты жұмысын тоқтатты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кеше түстен бері еліміздегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары техникалық іркіліске байланысты жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, жұмыстағы олқылық техникалық іркіліске байланысты орын алған.

«ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті тарапынан болған техникалық проблемаларға байланысты бүкіл еліміздегі арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылды. Жұмыстың толық қалпына келтірілгені жайлы қосымша хабарланады», - деп атап өтті мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар мекемеден қазіргі уақытта мамандар проблеманы жою үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар