+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Елімізде мақтаны сатып алу бағасы бекітілді

2020 жылғы 11 қазан 14:49
Бөлісіңіз:
Елімізде мақтаны сатып алу бағасы бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 және 2 сұрыпты шитті мақтаның сатып алу бағасы бір келісіне 130 теңгеден жоғары болып белгіленді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады Ақмола облысында үш ауысымда оқыту мәселесі біртіндеп шешілуде Қазақстанда мақта өңдеу ұйымдарының қызметін лицензиялау алынып тасталады

Қазақстандағы мақта саласы негізінен экспортқа бағытталғандықтан, ондағы баға саясаты сыртқы нарықтағы өнімге сұраныс негізінде қалыптасады. Ағымдағы жылы қазақстандық мақта нарығында шетелдік компаниялардың белсенділігіне әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдай мен Еуропадағы коронавирустың екінші толқынының таралуы әсер етті.

Сатып алу бағасын анықтау мәселесін реттеу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.Сапаровтың төрағалығымен Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы мен Қазақстандық мақта қауымдастығы және мақта өңдеу зауыттары басшыларының қатысуымен кеңес өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 9 қазанында Қазақстандық мақта қауымдастығы мақта дайындаушылар және қайта өңдеушілердің жиналысын өткізді. Онда өнімдерді сатып алу бағасы - 1 және 2-ші сұрыпты мақтаның 1 келісі үшін кемінде 130 теңге болып бекітілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT