+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Елімізде мақта өсіру саласындағы кедергілер айқындалды

2020 жылғы 24 қараша 13:01
Бөлісіңіз:
Елімізде мақта өсіру саласындағы кедергілер айқындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы заңының күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған заң жобасы мақта саласындағы әкімшілік кедергілерді азайту және қаржы ұйымдарының кредиттік ресурстарын қоса алғанда, инвестициялар тарту үшін жағдай жасау мақсатында әзірленді.

«Мақта саласын дамыту туралы» заңының құқық қолдану практикасына жүргізілген талдау салалық заңда көзделген саланы мемлекеттік реттеу құралдары – мақта қолхаты және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар саланы дамытатын қозғаушы күшке айналмағанын көрсетті», - делінген құжат бойынша әзірленген қортындыда.

Заңнамада көзделген мақта қолхаттарын қамтамасыз ету жөніндегі жүйе саланың субъектілері арасындағы кедергі болып отыр. Ал бұл өз кезегінде саладан инвестициялар мен ақша қаражатының кетуіне және оның барлық негізгі көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келеді.

Мәжілісінің депутаты Сәкен Қаныбековтың айтуынша, саланың тоқырауын туғызатын проблемалар мақта өсірушілердің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері мен ҚР Парламенті депутаттарының қатысуымен әртүрлі диалог алаңдарында бірнеше рет талқыланды. Барлық дерлік мүдделі тараптар саланың тартымды болмауы оның шамадан тыс әрі тиімсіз реттелуінен туындап отыр деген пікірге тоқтады.

Осыған байланысты, саладағы проблемаларды заңнамалық тұрғыдан шешу мақсатында Парламент депутаттары осы заң жобасын әзірледі, онда бір мезгілде қолданыстағы заңнаманың нормаларына тиісті өзгерістер енгізе отырып, салалық заңның күшін жою арқылы мақта қолхаттары жүйесін қайта реттеу ұсынылады.

Таратылған мәліметке қарағанда, мақта қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі мақта өңдеу ұйымдарының қызметін лицензиялау алып тасталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT