+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Елімізде ластану деңгейі жоғары 10 қала анықталды

2021 жылғы 16 қыркүйек 16:57
Бөлісіңіз:
Елімізде ластану деңгейі жоғары 10 қала анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде ауасы лас 10 қала аталды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов еліміз бойынша ластану деңгейі жоғары қалаларды атап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қаңғыбас жануарлардың санын азайтудың жаңа тәсілі айтылды Алматыдағы экопостар қалай жұмыс істеп жатыр Алматы облысында браконьерлер мемлекетке 9 млн теңгеден аса залал келтірген

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі экологиялық проблемаларға, әсіресе ауа сапасына баса назар аударуды тапсырды. Осы орайда неғұрлым ластанған 10 қаланы газдандыру және баламалы энергия көздеріне көшіру қажет. Қазгидрометтің экологиялық мониторингіне сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша 45 өнеркәсібі бар 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жататыны көрсетілді. Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қаласы», - деді З. Жолдасов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар комитет басшысы республикалық маңызы бар қалалардағы ауаның ластану салдарын атап берді.

«Мәселен, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында ластанудың негізгі пайызы жылу көздеріне (қазандықтар), автокөлік пен жеке секторларға тиесілі. Өскемен және Теміртау қаласында эмиссиялардың ең көп көлемі өнеркәсіпке тиесілі. Ал Ақтөбе және Атырау қаласы бойынша ескірген кәріз жүйесі ауаның ластануына әкеліп отыр», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT