Елімізде қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 1 қаңтарынан елімізде қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгіннен бастап күшіне енген Заң мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, судьялар үшін шетелдік банкілерде шоттарды иеленуге, онда қолма-қол ақшалай қаражатты және бағалы заттарды сақтауға шектеуді көздейді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және пара беруде делдал болғандардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін қатаңдатты. Ал мемлекеттік қызметшілерде немесе квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларында қос азаматтықтың болуы оларды атқарып отырған лауазымнан босату үшін негізге айналды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын жыныстық қылмыстарға жауапкершілік қатаңдатылды. Сондай-ақ бұл санатқа жататын қылмыстардың саны көбейтілді. Педофилдерді барынша қауіпсіз мекемелерде ұстау көзделді. Оларды мерзімнен бұрын босату мүмкіндігі жойылды.

Аталған Заңның қабылдануы сондай-ақ «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» Заңына өзгерістер енгізді. Осылайша кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыстық бойынша жазасын өтеген адамдарды әкімшілік қадағалау мерзімі соттылықты өтеу мерзіміне дейін арттырылды.


Соңғы жаңалықтар