Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі артты

2019 жылғы 16 мамыр 11:18 229
Бөлісіңіз:
Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанда жүргізілген құрылыс жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 625,5 млрд теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 8,4 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде сыртқы сауда айналымы 20 млрд доллардан асты Қазақстан халқы 18,44 млн адамға жетті

Есепті  кезеңде  136,8 млрд теңгеге инженерлік құрылыстар, 102,1 млрд теңгеге өндірістік ғимараттар, 90,3 млрд теңгеге тұрғын үй ғимараттары, 66,1 млрд теңгеге автомагистральдар, жолдар, темір жолдары, көпірлер мен жер асты өткелдері, 50 млрд теңгеге тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінің құрылыстары салынды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 9,7  пайызға артып, 547,6 млрд теңгені құрады. Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 7,4 пайызға ұлғайып, ағымдық жөндеу жұмыстары 8,3 пайызға кеміді. 

13 766 жаға ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінде 13 050 тұрғын үй және 716 тұрғын үй емес нысан салынды. Атап айтқанда, 3 жалпы білім беретін мектеп, 19 балабақша мен амбулаторлық-емханалық ұйым салынды.

2019 жылдың қаңтар-сәуірінде тұрғын үй құрылысына 321,9 млрд теңге жұмсалды. Бұл өткен жылыдың алғашқы 4 айында тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестиция көлемінен 14,3 пайызға жоғары. Негізгі капиталға салынған жалпы инвестиция көлемінде тұрғын үй құрылысындағы игерілген қаражат үлесі 11 пайыз.  Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға салынған қаражаттың 86,1 пайызы құрылысшылардың өздеріне тиесілі. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 3 464 мың шаршы метрді құрады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT