Елімізде құрылыс материалдарының бағасы қаншаға қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚазАқпарат» ХАА алаңында өткізген бастапқы тұрғын үй нарығындағы бәсекелестік туралы Open Space-те құрылыс материалдарының бағасы қаншама қымбаттағандығы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Статистикаға сүйенсек, 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында отандық материалдар бағасының өсуі 16% -ды, құрылыс компаниялары сатып алатын материалдардың қымбаттауы 0,5% -ды құрады. 2020 жылдың сәйкес кезеңінде өсім 0,2%-ды құраған болатын», - деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, құрылыс материалдары Қарағанды облысында көбірек қымбаттаған.

«10 пайыздық өсім жалғасуда, негізінен бұл осы жылдың сәуірінде Қарағанды облысында бағаның өсуімен байланысты. Бүгінгі таңда баға бойынша барлық жағдай сарапталуда», - дейді ол.

Еске сала кетсек , бұған дейін құрылыс материалдарының қымбаттауы тұрғын үй нарығына әсер етіп жатқаны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар