Елімізде күнделік жанрыда жаңа қойылымдар көрерменге жол тартпақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ÓzgeEpic заманауи өнер кеңістігінің жаңа жобасы Kundelik project 2020 күзінде алғаш жүзеге аса бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоба концепциясы бойынша спектакльдер адамның жеке күнделігі негізінде қойылады. Әр қойылымның кейіпкері, форматы, орындалуы әртүрлі болмақ.

Kundelik PROJECT-тің алғашқы кейіпкері — Асанәлі Әшімов. Актердің жеке күнделігі негізінде қойылған аудиоспектакль. Күнделік жанры адамның ішкі дүниесін, тек өзіне ғана тиесілі жеке өмірін қамтитындықтан, ұйымдастырушылар қойылымды көпшілік қауым алдында емес адаммен жеке сырласу форматын ойлап тапты. Қойылымды бір уақытта тек бір көрермен тамашалайды.

ÓzgeEpic – қоғамға өнер арқылы өзгеріс әкелетін шығармашылық кеңістік. Қазіргі таңда кеңістік төрт бағыт бойынша жұмыс жасауда: ÓzgeMusic, ÓzgeKino, ÓzgeKórme, ÓzgeTeatr. Жақын болашақта заманауи өнердің барлық салаларын қамтып, үлкен трансформациялық алаңға айналдыру жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар