+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Елімізде күн сайын 1 млн маска, 85 мың литр дезинфекциялық құрал өндіріледі

2020 жылғы 2 сәуір 19:08
Бөлісіңіз:
Елімізде күн сайын 1 млн маска, 85 мың литр дезинфекциялық құрал өндіріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы медициналық маска мен дезинфекциялық құрал өндірісін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Отандық кәсіпорындар кеше 748 мың дана бетперде шығарды Қазақстандық фармкомпания тәуілігіне 300 мың дана медициналық маска дайындайды Алматылық оқушылар медициналық масканы ыңғайлы ететін құрылғы жасады

«Медициналық бетперделердің тәуліктік өндірісін 1 млн данаға жеткіздік. Атап айтқанда, күн сайын фармацевтикалық кәсіпорындар – 325 мың дана, тігін кәсіпорындары – 680 мың дана маска тігеді. Фармацевтикалық кәсіпорындар өнімі «СҚ-Фармация» ЖШС арқылы таратылады. Ал тігін кәсіпорындарының 680 мың масканы жергілікті әкімшіліктер өздері таратады», - деді Қ. Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, елімізде күн сайын 85 180 литрден астам дезинфекциялық құрал шығарылады.

«Қазіргі уақытта қоймаларда 158 380 литр дезинфекциялық құрал бар. Дәріхана желілерін, көшелер мен үй-жайларды дезинфекциялау үшін 65 109 литрі тиелген. Яғни, біздің ішкі зауыттарда дезинфекциялық құрал толық шығарылады. Қанша көлемде дезинфекциялық құрал керек болса, соншалықты шығаруға мүмкіндігіміз бар», - деді ведомство өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT