Елімізде қос азаматтығы бар 2 мемлекеттік қызметші лауазымынан босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде қос азаматтығы бар 2 мемлекеттік қызметші лауазымынан босатылды. Бұл жайында Сенат депутатының сауалына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігігінің төрайымы Анар Жайылғанованың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданып, Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңға тиісті түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, Республика азаматтығын жойған не одан айырылған, сондай-ақ шет мемлекеттің азаматтығы бар мемлекеттік қызметкерші (квазимемлекеттік сектор басшылары) қызметтен шығарылуға жатады», - деді ол.

Агенттік төрайымының атап өтуінше, осы талаптарды орындау тетігін әзірлеу аясында Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдар ұсынған мемлекеттік қызметкерлердің тізімі бойынша оларда «қос азаматтығының» бар-жоғын тексереді.

«Қазіргі уақытта қос азаматтықты анықтау фактісі бойынша мемлекеттік қызметшілер (Шымкент қаласының Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы О.Почивалов пен Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы И.Точидловская) атқарып отырған лауазымынан босатылды. Осылайша, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге қатысты барлық заңнамалық шаралар қабылданды деп санаймыз», - деді Анар Жайылғанова.


Соңғы жаңалықтар