Елімізде коронавирустың алдын алуға байланысты қабылданған шешім қашан өзгереді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде коронавирус таралу қаупіне байланысты қабылданған шешім қашан өзгеретіні белгісіз.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларына байланысты өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл шешім еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша жасалды. Эпидемиологиялық жағдайдың қалай болатынына байланысты тағы қосымша шешім қабылданатын болады. Әзірге бұл шешімнің өзгеру уақыты анықталмаған. Эпидемиологиялық қауіп сейілгенше ол да өзгермейді»,- дейді Елжан Біртанов.
Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылатынын жария етті.
- Қазақстанға Дубай-Алматы рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
- Қазақстанда медициналық қызметтерді мониторингілеудің жаңа әдісі енгізіледі
- Қазақстанның барлық медицина ұйымына түгендеу жүргізіледі
- Медицина мамандығын оқып жатқан студенттердің шәкіртақысын 25 пайызға артады
-
Ауылға баратын жас дәрігерлерге көтермелеу жәрдемақысы артады
-
Медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі 58,2 пайызға жетті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам