+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Елімізде коронавирустан көз жұмған 26 медқызметкердің отбасына 10 млн теңгеден төленді

2020 жылғы 23 қыркүйек 11:42
Бөлісіңіз:
Елімізде коронавирустан көз жұмған 26 медқызметкердің отбасына 10 млн теңгеден төленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1,9 мыңнан астам медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты төлем алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіінң мәліметінше, COVID-19-бен күресуге тартылған 1 965 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын немесе вирусты пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алған. Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 26 медицина қызметкерінің туыстарына өтемақы аударды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижесі негізінде анықтайды.

Өтінімдерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жинайды. Одан кейін өтінім электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беріледі, кейін төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көбі Нұр-Сұлтан (502) және Алматы (373), Шымкент (117) қалалары, Қарағанды (138), Батыс Қазақстан (115) және Ақмола (107) облыстарында.

Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда көрсетілген төлем:

– коронавирус немесе вирусты пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге;

– COVID-19 инфекциясын жұқтырғаннан, вирусты пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн теңге көлемінде төленеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT