Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 286 науқастың жағдайы ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 7 қаңтардағы ақпаратты жариялады.

7 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 918 адам короновирус инфекциясынан (10 681 КВИ+ және 12 020 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 5 208 пациент стационарда, 17 710 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирус жұқтырғандар арасында:

• 286 адамның жағдайы ауыр;

• 51 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар