Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 238 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 6 наурыздағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан жеті адам көз жұмған. Коронавирус белгісі бар пневмониядан төрт науқас қайтыс болған.
Қазіргі мәлімет бойынша 18 838 адам короновирус инфекциясынан (13 712 КВИ+ және 5 126 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 556 пациент стационарда, 14 282 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 238 адамның жағдайы ауыр;
• 60 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар