Елімізде коронавируспен ауырған 1 мыңнан астам адамның жағдайы ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавируспен ауырған 1 064 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 17 қыркүйектегі мәлімет бойынша 72 789 адам коронавирус инфекциясынан (64 262 КВИ+ және 8 527 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 610 пациент стационарда жатыр, 59 179 науқас амбулаторияда емделіп жүр», делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 064 адамның жағдайы ауыр, 317 пациенттің жағдайы өте ауыр, 192 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар