Елімізде коронавируске шалдыққандар саны 812-ге жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығудың жаңадан 4 оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«10 сәуір сағат 22.30-дағы жағдай бойынша, к оронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді: Жамбыл облысында - 1 адам, Атырау облысында - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 228 адам, Алматы қаласында – 123 адам, Қарағанды облысында - 61 адам, Ақмола облысында - 61 адам, Атырау облысы - 48 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 4 адам, Маңғыстау облысында - 9 адам, Қызылорда облысында - 105 адам, Батыс Қазақстан облысында - 6 адам, Түркістан облысында - 35 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 812 науқас тіркелді», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар