Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың 33 пайыздан астамы - балалар

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бірқатар өңіріндегі ауруханалардағы инфекциялық төсек-орындардың тез толуы байқалады. Бұл туралы ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләйім Біржанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясымен ауырған 1 176 науқасқа сараптама жүргізді. Олардың ішінде 18 жасқа дейінгі балалар үлесі - 33,7 пайызды, ал ересектер үлесі - 66,3 пайызды құрайды», - деді Күләйім Біржанова орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, республика бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 5 мыңнан астам нысан бар.

«Олар - дәрігерлік амбулаториялар, медициналық пункттер, медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталықтары, емханалар. 12 мыңнан астам педиатриялық, терапевтік учаске, жалпы тәжірибе дәрігері бар. Онда шамамен 32 мыңнан астам дәрігер мен 13 мыңнан астам орта медициналық қызметкер жұмыс істейді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар