Елімізде коронавирусқа шалдыққан 15 науқастың жағдайы ауыр

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

28 тамыздағы дерек бойынша, ел өңірлерінде індеттен 19 016 адам емделуде, оның ішінде 18 666 науқас – коронавирустан (КВИ+) және 350 науқас – коронавирус пневмониясынан (КВИ-). 573 пациент стационарда жатса, 18 443 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 15 адамның жағдайы ауыр,

- 9 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар