+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина халыққа тегін салынады

2021 жылғы 27 қаңтар 18:37
Бөлісіңіз:
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина халыққа тегін салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың алғашқы кезеңі мемлекет есебінен жүргізіледі. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қалай сақталады Вакцина алған студенттер арасында акциялар өткізетін ЖОО тізімі кеңейтіліп жатыр Қазақстанда коронавируске қарсы вакцинаның I-компонентін 5 145 055 адам салдырды

«Қарағанды фармкомбинаты бойынша вакциналарды жеткізу кестесін бекіттік. Ақпанда нарыққа 90 мың доза жеткізіледі. Ал наурызда тағы 150 мың доза өндіріледі. Ал содан кейінгі айларда 600 мың дозадан шығарылады. Сәуір мен мамыр айларынан бастап халықтың басым көпшілігіне вакцинациялау қолжетімді болады», - деді Марат Шоранов тілшілердің сұрағына берген жауабында.

Сонымен қатар бірінші вице-министр қазақстандық вакцина да қатар өндірілетінін айтып өтті.

«Бұл өз кезегінде халықты вакциналаумен көбірек қамтуға мүмкіндік береді. Жалпы жыл соңына дейін 6 млн адамға екпе салуды жоспарлап отырмыз. Алайда мұндай көлемдегі вакцина нарықта болуы керек. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында вакцинация тегін болады. Елде вакциналауды мемлекет есебінен жүргізу қарастырылып жатыр. Үкімет резервінен тиісті қаражат бөлінеді. Тиісінше вакциналау тегін болады», - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 1 ақпаннан бастап егілетіндігі хабарланды.

Сонымен қатар 18 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдарға вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәлімет жоқ, сондықтан бұл жастағыларға екпе салынбайды. Ал Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге вакцинация мәселесінде дүрбелеңге жол бермеуді тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT