Елімізде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші төмендеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 58 адамнан анықталды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

22 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 836 адам коронавирус инфекциясынан (–1 698+ және 138 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 697 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 8 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Еске салсақ, кеше коронавирус инфекциясы – 70, ал коронавирус пневмониясы 8 адамнан анықталған еді.
Соңғы жаңалықтар