Елімізде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші айтарлықтай төмендеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясы 38 адамнан анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 726 адам коронавирус инфекциясынан (–1 560+ және 166 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 605 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске салсақ, 3 наурыздағы мәлімет бойынша бір тәулікте коронавирус инфекциясы 86 адамнан анықталған еді.
Соңғы жаңалықтар