Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте 163 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жаап хабарлайды.

26 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2663 адам коронавирус инфекциясынан (-2521 + және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 350 пациент стационарда, 2313 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

11 адамның жағдайы ауыр,

6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске салсақ, бұған бұрын 233 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.


Соңғы жаңалықтар