Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны айтарлықтай өсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте 219 адамнан – коронавирус, 18 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

8 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 556 адам коронавирус инфекциясынан (–1 348+ және 208 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 234 пациент стационарда, 1 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 8 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Ата кетсек, кеше 175 адамнан – коронавирус, 10 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды.



Соңғы жаңалықтар